Free

Көке

Text
Mark as finished
Font:Smaller АаLarger Aa

Күркеден Әділбектің жөтелі естіледі.

Асылбек:-Қазанға су қайната бер. Әділбекке сорпа жасап берейік.

Мадина ішке кіріп қазанды алып шықты. Қазанға қар толтырап күркеге қайта кірді.

Асылбек Қасқырды бөлшектей бастады. Терісін сыпырып үйге кіріп кетті.

Асылбек: -Әділжан! Кел, саған жаңа тон жамылдырайын-

деп оны қасқырдың терісіне орап тастады.

Мадина қасықтағы сорпаны үрлеп Әділбекке беріп жатыр.

Түні бойы Әділбек апасын аузынан алмай шошына ояна берді. Мадина қасында болды, түні бойы жұбатып отырды.

26-шы көрініс

Мадина: -Әділжаааан! Құлыныыыым!

Асылбек атып тұрып Әділбекке ұмтылды. Демін тексере бастады, журегін. Далаға атып шықты. Көзінен жас бұрқ етті. Еңіреп жас баладай жылай бастады. Артынан Мадина мен Нұрлыбек жылап шықты. Үшеуі де жылап отыр.

27-ші көрініс

Асылбек қасқырдың терісіне оралған Әділбекті қолында алып келе жатыр. Соңына Мадина мен Нұрлыбек еріп келеді. Асылбек қазып қойған көрге Әділбекті ақырын төсекке жатқызғандай салып жатыр. Асылбек Әділбектің маңдайынан бір сүйді да шықты. Нұрлыбек келіп қасына Әділбектің садағын салды. Келесі болып Мадина барды. Әділбектің маңдайынан бір сүйді де Әділбектің асығын салды. Көзі толған жас.

28-ші көрініс

Көктем. Асылбек есік алдында қақпан құрап отыр. Мадина қазан тазалап отыр. Нұрлыбек садақ атып ойнап жүр.

Үйдің қасына бір топ атқа мінген жауынгер шауып келді.

Басшысы Мейрамбек аттан секіріп түсті:

–Ассалаумағалейкүм балалар!

Нұрлыбек: -Уағалейкүм ассалам!

Мейрамбек: -Азамат! Кімнің баласысың?

Нұрлыбек: -Көкемнің!

Мейрамбек: -Көкең қайда?

Нұрлыбек: -Міне отыр ғой!

Мейрамбек (Асылбекке қолын созып): -Менің есімім Мейрамбек.

Асылбек (қолын беріп): -Асылбек.

Мейрамбек (қасына отырып): -Отбасы сен боларсың?

Асылбек : -Иә.

Мейрамбек: -Мен совет үкіметінің өкілімін. Бір ай болды сайланғаныма. Колхоз құрып жатырмыз.

Асылбек: -Бізде мал жоқ.

Мейрамбек: -Бізде бар. Сен ойлама. Қазір тәртіп өзгерді.

Бұрынғыдай бассыздық жоқ. Мен өзім де кезінде балшебектермен соғысқанмын. Қазір Маскеуде қазақтарға көзқарасы өзгерген сияқты. Бұрынғыдай тонаушылыққа жол бермейміз деп жатыр. Ал бассыздық жасағандар халық жаулары екен.

Асылбек: -Сонда малды қайтарып бере ме?

Мейрамбек: -Олай да болмайды. Қазір бәрін түсіндіріп беремін.

29-шы көрініс

Асылбек: -Олай болса келістік!

Мейрамбек: -Ертең саған арба жіберемін. Көріскенше!

деп атына отырып шауып кетті.

30-шы көрініс (60 секунд)

Түн. Асылбек пен Мадина төсекте жатыр.

Мадина: -Көкесі.

Асылбек: -Ау.

Мадина: -Мен қорқамын.

Асылбек: Неден қорқасың?

Мадина: -Колхоздан қорқамын.

Асылбек: -Бізде тартып алатын түк те жоқ қой. Неден қорқасың?

Мадина: -Колхозда әйелдер де ортақ болады деп естігенмін.

Асылбек:-Еркектер де ортақ болады

деп жымиды.

Мадина (бүйірінен итеріп): -Рас айтам, әйелдер ортақ болады дейді.

Асылбек: -Қорықпа. Мен сені ешкімге бермеймін. Сенесің бе?

Мадина (Асылбектің құшағына кіре): -Сенемін.

31-ші көрініс

40 шақты киіз-үй тігілген ауыл. Үлкен киіз үй алдында стол тұр. Столдың басында колхозшы отыр. Алдында 20 шақты босқындар отыр.

Колхозшы (30 жастағы еркек): Асылбек Өтегенұлы!

Асылбек: -Мен.

Колхозшы:-Кел, мына жерге қолыңды қой.

Асылбек таңбаның суретін салды.

Колхозшы: -Мына киіз үйді ал да қалаған жерге құра бер. Ертең таң атарда кел. Саған бастығымыз бір үйір ат жазып қойыпты. Малшы боласың.

32-ші көрініс

Мадина ентігіп жүгіріп келеді.

Асылбек: -Не боп қалды?

Мадина (ентігіп): -Мейрам-Мейрам- Мейрамбек ағаны халық жауы деп атып тастады. Сені іздеп жатыр!