Free

Жеңеше-ай

Text
Mark as finished
Font:Smaller АаLarger Aa
 
 
 
Тірлік те қызық еді бейнетімен,
Отауын деп жүретін өрге тігем.
Көсілген осынау кең жер бетінен,
Көшті енді бесігінен ең алғаш тербетілген.
 
 
Үзілер сабағынан гүл де семіп,
Қасында отыратын күнде серік –
Кетті енді аяулы ана мəңгі ұйықтап,
Келінін тапсырды екен, кімге сеніп…
 
 
Қарады көзін ашып аттандыра,
Қоштасты иек қағып басқаларға.
Сəулесі жанарының сөне берді,
Қанша ойлар, қанша арман тартқан алға…
Төңкерілді ауыр жүк артқан арба…
 
* * *
 
Ай жылжып, ай артынан жылдар өтті.
Бір күнгідей болмай-ақ жылдам жетті.
Əкесінен айырылған қос бүлдіршін –
Шынардайын солқылдап бұл да ер жетті…
 
 
Батты аязы тағдырдың, суық қары,
Бірақ та жанына кір жуытпады.
Өсті олар, бəріне көнбіс болып,
Бəрі де есте, ешкімді ұмытпады!..
 
 
«Келеді, құлындарым, ертең ағаң,
Жалғызымның жолына жан садағаң!.
Дей түсіп, əжелері осы екеуін –
Жұбаныш қып, қайғысын орталаған.
 
 
Соғып өтті, соғыстың дауылы да,
Қайта орнады тыныштық ауылына.
Кештерде əжесінен ертек естіп,
Екеуі тығылатын бауырына…
Мəн бермей тіршіліктің ауырына!..
 
 
Көлшігін қанағат қып, көл санаған,
Бар ғой, шіркін, өмірде көркем адам.
Бүгін дəні піспесе қауызының,
Елде болса, дей-тұғын ертең орам…
 
 
Кештер аз ба, ойларға оранатын,
Жасқатып қасіретке жанар отын.
Білдіртпей іш құсаның біреуін де
Өмірге азық еткен қанағатын,
Əжесі сондай жаннан саналатын!
 
 
Есейді, ер жетті енді балалары,
Бітірді оқу орнын қаладағы.
Жалғай түсіп үмітін алғы күнге,
Озғанын да ол енді санамады.
 
 
Кейде мен алыстағы ауыл барсам,
Жеңешем қарсы алады жаны жайсаң.
Əлі де отырмайды байыз тауып,
Сапырған ғой көңілін дауылдар сан..
 
 
Жарасқан тал бойына қара бұрым,
Жасырмайды тартқанын дала жүгін…
Ақ күмістей шашының əр талында –
Жатқандай, менің-дағы балалығым.
 
 
Кейде сүйеп басымды кеудесіне,