Free

Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім

Text
6
Reviews
Mark as finished
Font:Smaller АаLarger Aa

Сырттай әдемі дүние

Сізге әдемі қаптама (әр заттың сыртқы формасы) ұнайды ма? Біздің көпшілігімізге ұнайды. Мен сапар барысында, үлкен дүкенге барған кезде, әдемі қаптама туралы қызықты ой алдым. Мен өзіме керек тауарларды қарап жүргенмін, ал көрші сөреде бір ханым арнайы модный сабын іздеп жүр екен. Бұл мен әдеттегі пайдалану үшін сатып алатын сабын емес еді. Сабын мөлдір қағазға оралған, картон қорапқа салынған, жай емес жылтыр және тығыз бекітілген мөлдір қағазға оралған. Бұл кішкентай сабын қораптары үлкен картонға салынып, әдемі боялған мөлдір пленкамен жабылған. Мұның бәрін жасанды фиалка букетімен кішкентай қағаз лентасы ұстап тұрды. Үш дана сабынға арналған әсерлі пакет, сонда маған ой келді, оның мақсаты сіздің сыртыңызды таза ету ғана ғой. Содан кейін мен сатушының сатып алушыға сыпайы күлімсіреп, оған сұрақ қойғанын естіген кезде, бұл мені қатты сілкіндірді, мен қатты толқуды бастан өткердім. Ол: «Сатып алған заттарыңызды (бар-жоғы модный үш сабын) сыйлық сияқты әдемі қағазға орап берейін бе?» деді. Мен естігеніме сене алмадым. Шынымды айтайын, басында оны одан әрі қалай әдемілеуге болады деп сенбедім, басым жетпеді, бірақ сосын көзім жетті, ол дүкеннен не сатып алсаңыз да олар оны әдемі қаптамаға орап ауыздан су ағатын шедевр жасап береді екен.

Біздің өмірде де мұндай жағдайлар көп емес пе? Мысалы сабын, толығымен нормальный, пайдалы сабын, бірақ бірнеше рет әдемі оралған, сондықтан біз оның бастапқы мақсаты туралы түсініктен айырыла бастаймыз. Бұл қаптаманың бастапқы мақсаты – адамды жуынуға, киімді жууға болатын сабынмен қамтамасыз ету. Алайда, сабын бірнеше рет оралып, одан кейін тағы қайта оралып, нәтижесінде оның негізгі функциясы туралы түсінік жоғалып кетті. Біз өзіміздің тазалығымыздан гөрі қаптама, упаковкамен айналысатын сияқтымыз. Біз сабын іздегеннен гөрі әдемілік іздейтін сияқтымыз, бірақ бұның барлығы жалған, алдамшы сыртқы форма ғана, былайша айтқанда жарнама! Қазіргі кезде біздің дүние де жарнамаға айналып кетті, сыртқы форма, әдемі упаковка, мән-мағынасы жоқ, ең жаман салдары – көбісінің соңы азғырумен және алданумен аяқталады. Қазір (онлайн) интернет те толған жарнама, әлеуметтік желілер толған жарнама, (оффлайн) көшеге шықсаң жарнама жоқ жер таппайсың, тіпті үйлердің есігіне келіп қағазын қыстырып кетеді.

Біздің өмірде біз көбінесе тек сыртқы формамен, қаптамамен (упаковка), жарнамаға алданумен айналысамыз, дәл әдемі сыйлықтар сияқты бірнеше қабатқа оралған, соның салдарынан біз негізгі дүниенің рухани ішкі формасын, мән-мазмұнын, көзімізге ие болуды ұмытып бара жатырмыз.

Мен өмірдің мәні жайлы айтқым келеді. Біз өте жиі жұмыспен, дүние-мүлікпен, отбасымен, қаржы қуумен айналысамыз, тіпті бас көтере алмаймыз, шамадан тыс бұндай әрекеттерден біз шынайы өмірдің мәнінен айырыла бастаймыз. Күнделікті күйбең тірліктің астында, біз өмірдің шынайы көрінісін жоғалта бастаймыз. Сіз – өмірдің шынайы көрінісі болып табыласыз, сыртқы факторлар емес. Бұл сіздің «Әмбебап Ақылдың», Құдай күшінің шынайы көрінісі екеніңізді білдіреді. Қызылды-жасылды, жалт-жұлт, жарқ-жұрқ еткен дүниеге, өзіңізді орап тастауға, одан кейін тағы қайта орап тастауға жол бермеңіз, осылай сіз өмірдің мәнін жоғалтасыз және өзіңіз де осы негізгі «Өмірдің Мәні» атты концепцияны ұмытпаңыз. Осы негізгі тұжырымдаманы елемеуге жол бермеңіз. Сіз өзіңізді «Әмбебап Ақылдың» шынайы көрінісі екеніңізді түсінген кезде, сіз өзіңіз жазғыңыз келетін тағдыр бойынша өмір сүре бастайсыз және бұл өмір сіздің барлық қиялдарыңыздан асып түседі.

Есіңізде болсын: сіз тірісіз, дүние өлі, себебі ол түбінде күлге айналады, ал сіз мәңгілік өмір сүру үшін жаралғансыз.

Өткенді босату

Мен бір аңыз әңгіме жайлы айтып берейін, себебі оның шын болған, болмағанын ешкім білмейді. Бір кездері екі еркек, әйгілі немесе, дәлірек айтқанда, танымал кейіпкерлер болған. Бұл екеуі жақында жерленгендердің денелерін қазып, медициналық мектептерге сату арқылы жақсы ақша табуға болатындығын анықтап және де солай жасаған екен. Бұл көптеген жылдар бұрын болған делінген. Әрине, қорқынышты нәрсе, бірақ өзіңізден сұрап көріңізші: сіз кейде қабірлерден мәйіттерді ұрламайсыз ба? Мен сізді қорқытқым келмейді, мен сізді құрметтеймін, бірақ көпшілігіміз осындай әрекетті өзіміз білместен жасаймыз.

Егер де сізге, өткен, ескірген, қайғы-қасірет немесе күнә-қателіктер ойыңызға келгенде, сіз оларды қайта-қайта еске түсіре бергенде немесе одан да жаманы – олар туралы басқаларға айтқанда, сіз жай ғана ескі, өткен, өлген қабірді қазып жатырсыз.

Сіз өткен шақтан не күтетіндігіңізді жақсы білесіз, солай емес пе? Сіз сол арқылы өзімді түзеймін деп ойлайсыз, себебі әрдайым сіздің бейсанаңыз өткен шақты сізге еске түсіру арқылы сізді басқарғысы келеді.

Қазіргі уақытта, қазіргі сәтте өмір сүріңіз, тек қазіргі проблемаларға ғана назар аударыңыз, болашаққа жоспар құрыңыз және өткенді жалғыз тастап кетіңіз, ол сіздің балаңыз емес, бірақ сіз сонда да оны қимайсыз, қайтып орала бересіз. Жай қалдырыңыз. Өткен шаққа салқынқанды болыңыз.

Ұлы философтың: «өлгендерді өлгендер жерлесін», – деп айтқаны бар еді, мен оны бірден түсінбедім, біраз ойланғаннан кейін «өткен шақ» туралы айтып тұрғанын түсіндім. Өткенді ойлау және өткенмен өмір сүру өлімді білдіреді. Сіз өткен, кеткен туралы ойлай берген сайын, сіз уақыттың шектеулі екеніне сеніп қаласыз және уақытқа алданып қаласыз. Сіз осылайша өзіңізді қартайтасыз және әлсіретесіз, сіз өзіңіздің өліміңізді жақындатасыз.

Алла: «Егер де сенен (Мұхаммед а. с.) құлдарым Мен туралы сұраса, Мен оларға жақынмын.» деді, ал Құдай бізден жақсырақ біледі. Сондықтан өткенді босату үшін кімнен көмек сұрау керек екенін сіз жақсы білесіз деп ойлаймын.

Өзіңізге осы минутқа дейін болған оқиға туралы жаман естеліктерге оралмау ниетін ереже ретінде алыңыз және осы ережені ұстаныңыз. Зиратта ұрлықпен айналысу үшін өмірге тым қымбат баға төлеу керек болатынын естен шығармаңыз. Өткен өтті, кетті, ол жоқ: оны босатыңыз. Міне, біздің барлық қайғы-қасіреттерімізді, көңілсіз болуымызды және сәтсіздіктерімізді шешудің керемет құпиясы: олардан (өткен шақ) арылыңыз. Оларды санаңыздан алып тастаңыз, бақытты өмірге бос аймақты қалдырып, өткеннің қоқыстарын тазалаңыз және олардың қазіргі уақытта сізбен екендігі туралы ойдан бас тартыңыз. Көрдіңіз бе, олар өмір сүре алатын жалғыз орын – бұл сіздің санаңыз.

Қазіргі уақыт, қазіргі сәт қызықты және таңғажайып нәрселерге толы, бұл әрбір адам үшін уақытты дұрыс пайдалануға берілген керемет мүмкіндік. Адам, өзінің рухани күшін және бар өмірін қазіргі уақытта, қазіргі сәтте өлі нәрсеге жұмсау ақымақтық. Өткенді қалдырыңыз. Оны босатыңыз. Өзіңізді еркіндікке шығараңыз. Ескі күнә-қателіктердің, сәтсіздіктердің және соған ұқсас оқиғаларды қайтадан еске түсіріп, қабірлерді тонауға бармаңыз. Жаңа күн бар, яғни болашақ бар. Оның жақсы болатынына қуанып, бақытты болуды үйреніңіз. Өткенді өткенде қалдырыңыз.

Сіз бүгін мен қазір үшін жаралдыңыз, одан басқа уақыт сізде жоқ, сіз «бүгіндер» мен «қазірлердің» тізбегінде өмір сүріп жатсыз, өткен кеш, болашақ жабық.

Бүгінгі күн ең бақытты күн, ең сәтті күн, сіздің өміріңіздегі ең табысты күн. Егер сіз өткеннен босатылған болсаңыз, онда сіз ақиқатқа бір табан жақындағыныңызды біліңіз!

Сананың ең тиімді қаруы

Сіз өзіңіздің газоныңызды тырнақ алатын қайшымен кесуге немесе консерві банкаларын бәкімен ашуға тырысасыз ба? Әрине, жоқ. Сіз таба алатын немесе сатып алуға болатын ең тиімді құралдардың көмегімен ғана үй жұмыстарымен нәтежиелі айналыса аласыз.

Бірақ бұның бәрі өмірде қалай жүзеге асырылады? Сіз өз өміріңізде қандай құралдарды қолданасыз? Байқайсыздар ма, біздің әрбір ой, әрбір сөз және әрбір әрекет біздің физикалық жағдайымызға (денсаулығымызға) әсер етеді, қоршаған ортаны және адамдарды таңдауға әсер етеді, біздің кіммен сөйлесіп, кіммен қарым-қатынас орнатып жүргенімізге әсер етеді. Егер осының нәтижесінде біз бақытсыздық, сәтсіздік, ауру, кедейлік (т.б.) деп аталатын нәрселерге өзімізді алып келсек, онда біз ақылмен дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдамағанымыздың салдарынан. Еріксіз болса да, бұл сіздің өз санаңызды қалай қолданатыныңыздың дәлелі.

Біздің әрқайсымызда жасампаздықтың орасан зор тетігі (механизм) бар. Сіз оны ой мен қиялдың сарайы деп атасаңыз да болады. Онда біз қалағанымызды жасау үшін қолданатын материалдар бар. Біз өз ойларымызды дұрыс жолда қалыптастыруда қолданатын қарулардың ең тиімдісі – бұл қиялдың күші немесе біз оны әдетте жай қиялдау деп атаймыз. Бұл қиялдың күші, Құдай берген барлық қабілеттер жиынтығы, ең бастысы біздің басқаруымызда және бақылауымызда. Кейде біздің бейнелерімізді жасаушы, біздің қиялымыз бізбен қатал әзілдер ойнайтын сияқты көрінуі мүмкін, өйткені ол біздің сөздеріміз бен істерімізді байқап, өз қалауымызбен байланыстыра алмайды, сол себепті адам арман-мақсаттарын тастайды, себебі біздің көпшілігіміздің сөзіміз ісімізге сай келмейді немесе сөздеріміз істерімізден озып кетеді.

Бірақ ереже солай, тұлғалық жетілдіру мен бизнестегі сәттілік әрқашан біздің қиялымыздағы имиджіміздің суретімен байланысты. Күйзеліс, ауру және кедейлік (т.б.) – бұл біздің сана механизмімізде бір нәрсе бұзылғанының белгілері. Біз кедейлік немесе ауру бейнелерін сыртқы факторлар әсерінен қалыптастырамыз, бұл кедейлік пен ауру туралы ойлар қиялдың күшіне айналып, оларды бейсана нақты өмірге енгізгенге дейін ақылымызда ұстап тұрады және біз ол ойлар мен бейнелерден арыла алмай жүреміз. Бір сөзбен айтқанда, қалай адам өзін кедей немесе ауру қылатынының психологиялық дәлелі.

Кез-келген жаман оймен күресудің ең жақсы уақыты – бұл сіздің ойыңызда оның пайда болған сәті. Бұл кезде қарсыластың (жаман ой, бейне) ең әлсіз болатын уақыты. Бірақ ол пайда болғаннан кейін онымен күресуден гөрі, оның бейсанаға енуіне жол бермеу керек. (Бұны қалай жасау керек туралы толығырақ сіз бірінші және екінші кітаптардан оқи аласыз). Ойлардың қырағы күзетшісі болыңыз, қиялдың сарайына тек шығармашылық пайдалы сипаттағы ойларды жіберу керек.

 

Өз ойларыңызды жазу арқылы «БАҚЫЛАУ жаттығуы» өте маңызды, сіз сол арқылы ақылыңызды қорғауды, басқаруды үйренесіз. Әрбір ойдың біздің мінезімізге және істерімізге қатысы бар, сондықтан олардың әрқайсысын жазу арқылы сіз өзіңізді өзіңіз тани бастайсыз, есіңізде болсын: әрбір ой, ол ішкі сөз, сол себепті ойды сөзге айналдырып жазу қиын емес және ең бастысы қандай жаман ой, сөз болмасын өзіңізден шошымаңыз, себебі сіз одан жоғары көтерілуіңіз керек.

Тағдырды өзгертудің жалғыз жолы – әдеттегі ой тәртібін өзгерту. Сіз не туралы жиі ойлайсыз? Біз ойланған уақытта, үлкен жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Біздің ойларымыз бен сөздеріміз біз өмір сүретін әлемге шығармашылық немесе деструктивті түрде әсер ете алатындығын үнемі есте ұстауымыз керек. Сіз үнемі: «Мен бұдан әрі шыдай алмаймын, Мен ауырып тұрмын, Маған ақша жетпейді, Мен қатты шаршадым» деп қайталайсыз ба? Демек, сіз осылайша өзіңіздің күшіңізден, денсаулығыңыз бен өркендеуіңізден бас тартасыз. Сізге тиесілі болып тұрған бақыттан сананың шалалығының кесірінен бас тартпаңыз.

Қызғану, ашулану, тарылу, екіжүзді болу, тәкаппарлану (т.б.) және мұң мен қайғы, қорқыныш басқан ойлар мен эмоциялар сіздің тәніңізге бұзылу мен ауру арқылы жауап беруге мәжбүр етеді.

Қиял құралдарын ақылмен қолданыңыз және өзіңізге: «Мен өмірдің әрбір қиындығына шыдай аламын, Мен ешқандай аурудан қорықпаймын, Менің ақшам әрқашан жеткілікті, Мен шаршамаймын және Менің шексіз күш-қуатым бар, Мен барлық адамдармен және өзіммен жақсы және дұрыс қарым-қатынастамын» деп айтыңыз. Сіз денсаулыққа, бақытқа және өркендеуге жол ашасыз. Егер сіз ашық және мейірімді адам болсаңыз, егер сіз жақын адамдарыңызға адал және қамқор болсаңыз, онда сіз көп ұзамай «Ізгілік Патшалығында» екеніңізді білесіз. Әрбір жасаған жақсылықты (өзіңізге, өзгеге) – өмір сізге жүз есе етіп қайтарып береді.

Мен бе әлде Біз бе?

Алфавит әріптерінің салмағы туралы ойландыңыз ба? Сіз әріптердің салмағы бар екенін білесіз бе? Мысалы, «мен» кіші әрпімен салыстырғанда, «Мен» бас әрпінің салмағы қандай? Бірінші жағдайда адам өзіне сенімсіз сөйлеп тұр, екінші жағдайда адам өзіне тым қатты сенімді сөйлеп тұр. Кейде салмақ айырмашылығы жер және аспанның айырмашылығы сияқты. Сізге мысалдар: танымал жұлдыздың «Мен» – і мен ешкім танымайтын, қарапайым, мусор теріп жүрген адамның «мен» – і бірдей емес. Сол сияқты бай мен кедейдің, сау адам мен ауру адамның т.б.

Сіз мұны байқадыңыз ба білмеймін, бірақ барлық еуропалық тілдердің ішінде тек ағылшын тілінде ғана, сөйлемнің ортасында «Мен» бас әріппен жазылады. Олар сөйлегенде «Мен» сөзіне көп салмақ салады. Кейде біз де осы сөзге өмірімізде шамадан тыс салмақ береміз, алайда бұл біздің дұрыс өмір сүруімізге кедергі келтіреді.

Біздің «Мен» салмағы көбінесе ақылды кеңейтудің орнына көкжиегімізді шектейді. Сіз менің не айтқым келіп тұрғанын түсінесіз деп ойлаймын.

Біреу мейрамханада отырып, алдымен шағымданып алады, сосын ашумен ескертіп, ұрсады: «Мен әбден шаршадым. Мен екі сағат бойы дүкен араладым. Бұл официант қайда құрып кетті? Әйтпесе Мен басқа жерге барып тамақтанамын». Менің ойым: официант екі сағаттан да астам уақыт бойы аяғымен жұмыс істеп жүр, бәлкім ашуланбай, ұрыспай, сәл түсіністік танытып, күте тұру керек шығар. Егер келушілер официанттан былай деп сұраса: «Сіз бір уақытта осынша көп столиктармен қалай жұмыс жасайсыз және тіпті осындай қолайсыз ауа-райында?»

Сіз біреудің «Мен» салмағы, біздікінен үлкен болған кезде, біз қалай қарсылық білдіре бастайтынымызды байқадыңыз ба?

Бір әйел күйеуіне «Мен» салмағы үшін ашуланып қалыпты: «Бүгін таңертең чё та иығым ауырып кетті». Күйеуі оған: «Менің қолым сенікінен де жаман ауырып тұр». Ешкім бір жері ауырған кезде, басқа біреудің одан да қатты бір жері ауырып тұрғанын ұнатпайды екен, себебі біздің «Мен» өте ауыр. Сіз біреуден мені біреу аяса екен деп күтіп тұрсаңыз, ол оны керісінше сізден күтіп тұрады.

Ұстаз уақытша еркіндікке шығуға шешім қабылдаған Інжілде эпизод бар. Оның «Мен» -і тиыштық пен жалғыздықты талап етсе де, адамдар бұған қарсы болған. Бес мыңға жуық адам жиналды, арттағылар оны көруге ұмтылды. Ол қаншалықты көңілі қалған болса керек! Ол бұл жерге бейбітшілік пен тыныштық үшін келдім деп айтуына болар еді. Бірақ ол олай айтқан жоқ. Ол өзінің жайлылығы мен жеке өмірі туралы ойламады. Ол: «Олардың бәрін отырғызыңдар» деді. Ол: «Енді Мен не, осы толпаның ортасында боламын ба?» деген жоқ, ол айтты: «Олардың бәрін отырғызыңдар» деді, сосын бәрін тамақтандырды.

Ұлы тұлғаға тән ерекшелік – берілгенге мойынсұну. Бірақ жағымпаздық туралы айтпаймын. Олардың арасында ондайлар бәлкім болса да. Мен басқа нәрсе туралы айтып отырмын. Сіз «Мен» салмағының «Біз» салмағына теңестірілгенін білуіңіз керек, және «Мен», «Біз» – ді басып кетпеуі керек. Өмір бойы алға ұмтыла отырып, «Мен» – ді бірінші орынға қоюға қанша уақыт жұмсайтыңызды білуге тырысыңыз. Осыдан кейін сіз көп достар тапқаныңызды байқайтын боласыз, өйткені сіз «Мен» мен «Біз» -дің салмағын теңестіре алдыңыз.

Жағымсыз эмоциялар мен күйзеліс

Сіз жиі мазасызданасыз ба? Уайымдайсыз ба? Қорқасыз ба? Үрейленесіз бе? Бұлардың барлығын бір сөзбен айтқанда күйзеліс дейді немесе жағымсыз эмоциялар дейді. Маған бір адам туралы әңгіме ұнайды, ол үнемі мазасыздықтан уайымдай беремін деп психиатрға жүгінген. Гипноздың көмегімен психиатр осы адамның жадынан оның барлық уайымдарын алып тастай алды және ол емделіп, өте бақытты болып үйіне қайтты. Келесі күні ол қайтадан дәрігерге келіп, қатты ренжіді. «Дәрігер, дәрігер, мен қатты қорқамын» деді ол. «Сізді не қорқытуы мүмкін?» деп тамсанды дәрігер. «Дәрігер, кеше мені не мазалағаны есімде жоқ, содан қорқамын» деп жауап берген екен. Мазасыздық пен уайым бәрібір жабысып қалған.

Менің ойымша, біздің көпшілігіміз осындаймыз. Біз осындай ессіз және қарбалас әлемде өмір сүріп жатырмыз. Бізде көптеген аурулар, жағымсыз эмоциялардан туады, кейбіреулерін мойындауға дайынбыз, ал кейбіреулерін тіпті өзімізден жасырғымыз келеді. Жағымсыз эмоциялар, күйзеліс мидың тонусын төмендетеді және аурулар мен өмірлік проблемаларға қарсы тұра білу қабілетін жояды. Олар адамды білдірмей өлтіреді. Бұл туралы қателеспеңіз: Жағымсыз эмоциялар, күйзеліс – бұл нағыз киллерлер. Онда біз неге олардан сақтанбаймыз? Олардан сақтанудың қарапайым жолы – оларға уақыт құртпау.

Сіз қарсылық білдіріп бұл туралы ештеңе істей алмайтыныңызды айтуыңыз мүмкін. Жағымсыз эмоциялар, күйзеліс әдетке айналды, ал ұзақ қалыптасқан әдетті бірнеше минутта жеңуге болмайды. Бұл дұрыс. Мен мұндай дәлелді, аргументтерді қабылдауға дайынмын. Бірақ егер жағымсыз эмоциялар мен күйзелісті тоқтатқыңыз келсе, онда сіз бір кездері бастауыңыз керек, солай емес пе? Егер сізге бастау керек болса, онда неге қазір емес? Егер сіздің күйзелісіңізді екі минутта жеңу мүмкін болмаса да, сіз бастауыңыз керек, ал қазіргі уақыт басқа уақыттан гөрі жақсырақ. Бұл күні ештеңеге алаңдамайтындығыңызға сенімді болуға тырысыңыз. Егер сіз белгілі бір болашақтағы оқиғаға алаңдасаңыз, қорықсаңыз түсінуге тырысыңыз, бұл не болуы мүмкін не болмауы мүмкін. Бұл өте қарапайым өмір, және сіздің алаңдауыңызға, қорқуыңызға ешқандай себеп жоқ. Сіз себептерді өзіңіз іздеп таптыңыз және соны жалғастыра беретін болсаңыз, бұл сіздің өміріңізге тек теріс әсер етеді және сіз ешқандай дұрыс шешім қабылдай алмайсыз. Егер сіз қорқынышты жеңгіңіз келсе, онда ойыңызды өзгертіңіз: мысалы сіз бір жағдайды күтесіз, бірақ сіз ойлағандай болмай шығады. Яғни, алаңдау мен қорқыныш деген не – ол бір жамандықты күту. Сол күту сезімін тудыратын себептерді санадан жою керек және ол себептерге бұдан былай жоламау керек. Мысалы сіз қорқынышты кино көріп, батыл боламын, осылайша қорқынышымды жеңемін деп ойламай-ақ қойыңыз. Қорқыныш сіздің рухани ресурстарыңызға соншалықты негативті әсер етеді, сіз осылайша өз өміріңізді бүлдіресіз. Бірақ егер сіз жағымсыз эмоциялар мен күйзелісті толықтай жоя алсаңыз, ең жаман жағдай орын алса да, сіз байқайсыз, сізде күш пен батылдық жеткілікті деңгейде пайда болады. Сіз кез-келген жағымсыз эмоциялармен бетпе-бет кездесе аласыз және проблеманы ішкі келіссөздермен шеше аласыз. Екі жақты ішкі диалог – біреуі жағымсыз эмоция, екіншісі сол эмоцияны жеңгісі келетін ниет, қалау, талпыныс.

Есіңізде болсын: қорқыныш, үрей мен алаңдаушылық болашаққа байланысты, ал уайым мен мазасыздық өткенге байланысты, ал осының барлығы қазіргі уақытта, қазіргі сәтте сіздің миыңызда орын алып жатады.

Сіздің өміріңіздегі барлық нәрсе дұрыс болмады деген ойлардан бас тартыңыз, егер сіз өткенге байланысты көп мазасыздық сезінетін болсаңыз, жүзуді үйренген қосымша құралдарсыз жүзе алатындығын түсінген кезде олардан бас тартқандай, уайымдаудан бас тартыңыз, өткеннің мазасыздығын жеңіп, уайымдауды тоқтатын уақыт келді. Егер сіз бір кездері жүзуді үйренген болсаңыз, онда сіз алдымен суға бата жаздағаныңызды ұмытпаңыз. Сіз көп күш салдыңыз, нәтиже бермеді, содан кейін кенеттен сіз өзіңізге таңғалып, ішіңізде жарық сәуле пайда болды, бірінші метрлерді жүзіп өттіңіз. Әсіресе балалар «Мен түсіндім!» – деп айқайлайды. «Мен жүзе аламын!». Бұл тек жүзуді үйрену ғана емес, мысалы велосипед, мотоцикл т.б. мыңдаған мысалдарды келтіруге болады. Бұл өмірде білесіз, бәрін үйрену керек, үйренбей ештеңе сізге бағынбайды. Сол себепті сізге психоэмоционалдық релаксация техникасын үйрену және дамыту қажет. «Мен түсіндім» дейсіз сіз – «Мен күйзеліссіз өмір теңізінде жүзе аламын». Сіз өзіңізді немесе өзгені уайымдап жүргенде, сіз өмір суына тұншығып батып бара жатасыз. Бірақ егер сіз уайымды жеңілдете алсаңыз, мазасызданусыз бір күн болса да өмір сүре алсаңыз, онда бұл сіздің жаттығуыңыздың бастауы болады. Сіз өмір теңізінде алаңсыз жүзуді үйренесіз және сіздің өміріңіздің әлдеқайда жақсарғанына көз жеткізесіз.