Free

Қызыл кітап

Text
Mark as finished
Font:Smaller АаLarger Aa
 
Төңірегін түгелдей майдан етті.
Жер жұтты ма?
Немесе,
Көк жұтты ма?
Сол хазарлар бүгінде қайда кетті?!
 
 
Білімпаздар сеніммен қағып төсін.
Ұлы десін,
Кемеңгер халық десін,
Латындардың өзі де ғайып болған
Қалдырып тек тілі мен əліппесін!
 
 
Кейбір халық одан да құр қалыпты.
Мойынға іліп əлі де жүр қамытты.
Бір балықты бір балық қылғытқандай
Қылғытыпты бір халық бір халықты!
 
 
Жауыздықтың қадалып сүңгілері,
Желкеде ойнап мылтықтың дүмбілері,
Жақын қалды құруға,
Жоғалуға
Американың үндіні-үнділері!
 
 
Жылдар, жылдар…
Бір мезет тоқтамастан,
Халық қанша шоқ басқан,
От та басқан?!
Шіркей үшін зар қаққан, ағайын-ау,
Неге?
Неге?
Соларды жоқтамасқа?!
 
 
Неге? Неге сол үшін зарламасқа!
Басқыншыны сөкпеске,
Қарғамасқа!
Əлде мына өмірде халықтардан,
Ұлттардан да қымбатты бар ма басқа?!
 
IX
 
Кетем іштей тітіреп,
Түршігіп те:
Дүниені төңкерер бір шүріппе!
Жоқтай-тұғын бүгінде хайуанат көп,
Ойланатын нəрсе көп тіршілікте!
 
 
Отыратын кез емес түңіліп құр.
Төзім тауы бор болып үгіліп тұр.
Айналаңа қарашы,
Адамдарға,
Өзіңе-өзің қарашы үңіліп бір!
 
 
Сөз болып па кəрілік,
Қарттығымыз!
Бізге лайық бір жүкті артты ініміз.
Кеткен жоқ па азайып ерлігіміз?!
Кеткен жоқ па жоғалып мəрттігіміз?!
 
 
Талай темір көк тасқа қайырылды,
Талай Тəңір сенімнен айырылды.
Адамбысың сен өзі мейірімді?
Адамбысың сен өзі қайырымды?!
Тазамысың?
Тірлікке ризамысың?
Түтін толы əлдебір мұржамысың?
Алар жерге келгенде қанағатшыл,
Берер жерге келгенде мырзамысың?!
 
 
Өкпе емес пе осыным,
Наз емес пе?!
Кейбіреулер барына мəз емес пе?!
Туыс көп те
Жоқ бірақ туысқандық.
Адам көп те,
Адамдық аз емес пе?!
 
 
Қараңызшы үлкенге,
Кішіңізге:
Орынында ма санамыз?
Күшіміз де?!
Мамонт құсап
Жігіттік
Азаматтық
Қалған жоқ па көміліп ішімізде?!
 
 
Жақсылықтың алдында бас иетін
Бабалардың не істейміз өсиетін?!
Жер жоғалтса не болмақ перзенттерің?
Ер жоғалтса не болмақ қасиетін?!
 
 
Түгел жыртып,
Тастақты айдағандай
Отырмын мен,
Отырмын ойға қанбай:
Адамдығын жоғалтсақ адамдардың
Хайуанатты жоқтаудан пайда қандай?!
 
X
 
Одан көріп,
Ақыры бұдан көріп,
Таласқаннан не таппақ құлан, керік?!
Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанмен,
Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі!
 
 
Əттең, бірақ!
Аспанның бұлты биік
Жаңбыр емес,
Өтеді сілті құйып,